"Ресейлік төлқұжатты көрсет те, тегін кофе ал": Астанада фаст-фуд мейрамханалар желісі акция ұйымдастырды
Елордада фаст-фуд мейрамханалары желісі ресейліктерге арнап акциясы ұйымдастырды. Мұнда ресейлік екенін дәлелдейтін төлқұжатты көрсетіп , тегін кофе алуға мүмкіндік жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпараттарға сәйкес мейрамхана желілерінде қағаздарға арнайы жазулар жазылған.
"Ресейлік төлқұжатты көрсет те, тегін кофе ал", - деп жазылған мұнда.

Желі қолданушылары бұл әрекетті қызу талқылады. Бірі “мен енді бұл орынға бармаймын” десе, бірі “Олардың ақшасы жоқ дейсіңдер ме” деп өкпесін айтты. Енді біреулері “Тегін кофемен бірге, тегін әскери шақырту да таратылсын” деп пікірлерін жеткізді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"