Ресейге қоныс аударған қазақстандық хоккейші өлі күйінде табылды
Ресейдің Новосібір қалалық полициясының қызметкерлері танымал ресей-қазақстан хоккейшісі 39 жастағы Петр Девяткиннің өлі денесін тапты.

Бұл туралы «Спорт-экспресс» хабарлайды.
Девяткин мәскеулік «Динамо», «Нефтехимик», «Салават Юлаев», «Спартак», «Амур» клубтарының сапында ойнаған.
Ол 1998 жылы Наганода өткен Олимпиадаға Қазақстан құрамасында қатысқан.
Соңғы кездері Девяткин Сахалинде балалар бапкері болып істеген. Петрдің артында келіншегі және кішкене баласы қалды.
Петр Геннадьевич Девяткин (1977 жылдың 8 наурызында Өскеменде дүниеге келген) өскемендік хоккейдің түлегі, шабуылшы. Ресей чемпионы, Азия ойындарының чемпионы (1999), 1998 жылғы Олимпиада ойындарының ширек финалына жеткен.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады