Ресейдегі супермаркетте ер адам тоңазытқыш камерасында қайтыс болды
Teslo супермаркетіндегі кондитерлік бөлім қызметкері таңертең тоңазытқышқа азық-түлік алып келуге кеткен. Бірақ, сол кеткеннен қайта оралмаған. 50 жастағы қызметкердің жоғалғанын естен шығарған әріптестері, оны тек бірнеше сағаттан соң ғана іздеуге кірісіпті.

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Өкінішке орай, ер адамға полиция да, дәрігерлер де көмектесе алмаған.
“Ол наубайхана секциясында жұмыс істеді. Оның мұздататын камерада қанша уақыт болғандығын ешкім білмейді”, – дейді супермаркет қызметкерлерінің бірі.
Ер адам қайтыс болған камераны қараған полицейлер, тоңазытқыш камерасының есігіндегі тұтқа да кемістік бар екенін анықтаған. Сол себепті ол қайта аша алмай қалған болуы мүмкін. Әзірге аталған дерек бойынша зерттеу жалғасып жатыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады