Ресейде ұры таксист жолаушыларын мандарин беріп улап отырған
Мәскеу облысында таксист жолаушыларға дәрі қосылған мандарин мен алкоголь беріп тонады деп күдіктелуде.

Мәліметке сәйкес, 51 жастағы Ростов облысың тұрғыны клиенттерге мандарин мен ішімдік ұсынып отырған. Осыдан соң жолаушылар ұйықтап қалады. Таксист оларды зират басына апарып, бағалы заттарын, банк картасы мен ақшасына тонауға кіріседі. Жолаушыларды есін білмейтін күйінде зират басында қалдырып кетеді.
Ұрының осындай 8 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жалпы келтірілген шығын 700 мың рубль. Таксистің үйінен 19 телефон мен 4 планшет, 2 нетбук, 4 тон, зергерлік бұйымдар мен сим-карталар табылды. Таксистен зардап шеккен екі жолаушының көз жұмғаны да белгілі болды.
Жіберіп алмаңыз:
Есікте қыз зорлады деп сотталғандар сот отырысынан соң төбелес жасады
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады