Ресейде қазақстандық өгей қызын ұрып, спортқа баулымақшы болған
Пермде 27 жасар қазақстандық бірге тұратын әйелдің 12 жастағы қызын дене жаттығулармен айналысуға күштеп мәжбүрлеген. Ол осы әрекеті үшін 3-7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір тергеушілер 27 жастағы Қазақстан азаматының ісін толық тергеп аяқтады. Ол РФ ҚК 117 бабы – “Кәмелетке толмаған балаға зәбір көрсету” бойынша айыпты деп танылды.
Тергеу қорытындысы бойынша, қазақстандық 12 жастағы өгей қызын бірнеше рет қинап, дене жаттығуларымен айналысуға күштеп мәжбүр еткен. Ол өз әрекетін қызды спортқа баулымақ болдым деп түсіндірген.
Анасы болса қызы туралы жақ ашпай, өзінің бірге тұратын жігітінің жағына шыққан. Сол себепті құқық қорғау органы қызды уақытша туыстарына табыстады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады