Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қазақ қоғамының басшысына қарсы әскерге қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша іс қозғалды

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі қазақ қоғамының басшысы Полат Жамаловқа қарсы Ресей армиясы туралы "фейк ақпарат" таратқаны үшін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Верстка сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полат Жамалов

Ақпаратқа қарағанда, Мәскеудегі қазақ қоғамының жетекшісі Полат Жамаловқа қатысты қылмыстық іс  2023 жылдың 11 қыркүйегінде қозғалған.

Қудалауға Жамаловтың Facebook парақшасындағы жазбасы себеп болғаны, оған Ресей қаржы министрінің орынбасары Ирина Окладникованың Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Григоренкоға жібергені туралы құжаттың суретін қоса жариялағаны айтылған. Құжатта 2022 жылдың тамыз айының ортасына қарай Украинадағы соғыста 48 759 ресейлік сарбаздың қаза тапқаны айтылған.



"8132 – соғыс басталғалы бір айдағы орташа өлім саны... Ақша санауды жақсы көреді", – деп жазған Жамалов.

Айта кетейік, Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Жамалов шерушілерді басу үшін ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің құрамында ресейлік әскерилердің елге кіруін сынаған. "Бұл идеяны жабу үшін қандай формулалар қолданылса да, мәні бір: бұл – басып алу”, – деген еді ол.

Талқылау