Ресейде ит Пушкиннің қолтаңбасы қойылған кітап тауып алды
Химкида жергілікті тұрғынның иті Александр Пушкиннің ескі кітабын тауып алыпты.

Сурет inmoment.ru
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Иттің қожайынының айтуынша табылған кітапты Ресейлік баспалардың бірі шығарып 800 мың рубльге бағалаған екен. Әйел кітаптың беттерінде ақынның қолтаңбасы бар екенін де айтты.
Кітап өңдеуге жіберілді. Сосын құнды мұра музейге жөнелтілмек.
2014 жылы мәдениет министрлігі Ұлттық электронды кітапхана бағдарламасы аясында 1831 жылға дейін басылған кітаптарды белгілеп шығу туралы бастама көтерген. Бұл бағдарлама 2020 жылға дейін созылмақ.
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген