Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей президентінің баспасөз хатшысы: Путин Қазақстанның екі президентімен де жақсы қарым-қатынаста

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де, республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен де жақсы қарым-қатынаста, деп хабарлады журналистерге Ресей мемлекеті басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. 


Сейсенбі күні Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де желтоқсан айының соңынан бері алғаш рет көпшілік алдына шығып, елдегі тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірген экс-президенттің хабарламасын жариялады.

Экс-президент өзіне жолдаған өтініштерге және БАҚ-тағы жарияланымдарға жауап бере отырып, "2019 жылы мен президенттің өкілеттігін Тоқаевқа бердім, содан бері зейнеткермін” деп мәлімдеді.

"Сіздер Владимир Путиннің Қазақстанның қазіргі президентімен де, бірінші президентімен де өте жақсы қарым-қатынаста екенін білесіздер. Бұл қарым-қатынастар алдағы уақытта сақталады. Олар жақында ғана, бірнеше апта бұрын Санкт-Петербургте барлығы бірге сөйлесті. Әрине, қазіргі президент Тоқаев мырза да болды. Ал қалғанының бәрі Қазақстанның ішкі ісі", – деді Песков Назарбаевтың үндеуін Кремльде қалай қабылдағаны туралы сұраққа жауап беріп.

Қазақстанда 2022 жылдың алғашқы күндерінде жаппай наразылықтар басталды – елдің батысындағы Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының тұрғындары сұйытылған газ бағасының екі есеге қымбаттауына қарсы болды. Кейінірек наразылықтар басқа қалаларға, соның ішінде, ең ірі екі қалаға, Нұр-Сұлтан мен Алматыға да тарады. Онда тонау басталды, содырлар мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасады, қару-жарақтарды тартып алды. Бұған жауап ретінде билік 19 қаңтарға дейін бүкіл елде төтенше жағдай жариялап, лаңкестікке қарсы операция бастады.

БҰҰ мәліметінше, Қазақстандағы наразылықтар кезінде 1000-ға жуық адам жарақат алған. Елдің бас прокуратурасының мәліметінше, тәртіпсіздіктер салдарынан 4578 адам зардап шекті, 225 адам қаза тапты, оның ішінде 19-ы қауіпсіздік қызметкері.

Талқылау