Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ректораттың ішінде намаз оқитын бөлмелері болды": Асқар Жұмаділдаев қазақ-түрік бірлестегімен ашылған оқу орындары туралы айтты

Асқар Жұмаділдаев Қазақстанда қазақ-түрік лицейлері мен Сүлеймен Демирел университеттерін ашуға өзінің де қатысы болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аскар Жумадилдаев

"Қазақтардың қатарынан мен болдым. Мен түріктермен қатты араластым. Олардың арасында діндәрлары да діндәр еместері де бар. Оған қоса айтайын, ректораттарының ішінде намаз оқитын бөлмелері болды, ол да рас. Мен сонда жұмыс істеп жүріп, студенттердің сұмдық діндәр болғанын байқаған жоқпын. Хиджаб киіп жүргендер СДУ-дан гөрі (Сүлеймен Демирел атындағы университет), басқа жоғары оқу орындарында көп. Сондықтан сіздер айтып жүрген әңгіме бос сөз, стереотип", - деді ол "Қасқа жол" Youtube арнасына берген сұхбатында.

Жұмаділдаев сонымен қоса СДУ университетінің несімен үздік екенін де айтып өтті.

"Біріншіден, оқуға көбінесе қазақ балалары түседі. Олардың ұмтылыстары мен адалдықтары басым. Өте еңбекқор болады. Мен сол балалардың арасында жүріп, бірінің темекі тартқанын көрмедім", - деп ашып айтты ол.

Талқылау