Регина Вандышева “Әлем аруы – 2015” байқауына дайындалып жатыр
Регина Вандышева Қытайда өтетін “Әлем аруы – 2015” байқауына қалай дайындалып жатқанын айтты
– Бұл мен үшін үлкен абырой. Сондықтан мен бүкіл күш-жігерімді салып жатырмын. Қазірден бастап шығармашылық нөмірге, спорттық байқауға, ұлттық киімді таныстыру байқауына дайындалудамын, – дейді Регина Вандышева.
Жеңімпазды барлық байқаудан жинаған балдың қосындысымен анықтайды. Оның есімі тек 19 желтоқсанда белгілі болады. Дегенмен, қатысушыларды бір ай бойы қадағалап отырады.
Айтуынша, таланттар байқауында контемпорари стилінде би билейді. Және ұлттық киімді отандық дизайнер Аида Кауменованың үлгісін ұсынады. Байқаудың ақтық сынында анасы мен директоры қолдауға келеді екен.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады