Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Реанимациялық төсектер тапшы: Қазақстанда коронавирустан 200 адам көз жұмды

Елімізде коронавирустан көз жұмғандардың саны 200-ге, коронавирус пневмониясымен ауырып жатқан адамдар саны 8500-ге жеткен. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Вице-министр елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейіп, жағдайдың нашарлап жатқанын айтты. Оның сөзінше, бір айдың ішінде жоғарғы пайыздық өсім байқалған. 

"Көптеген елдерде инфекцияның таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Күннен күнге елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардын саны артып келеді. Тіркелген жағдайлардың орташа өсімі бір айдың ішінде 4,5 пайызды құрады. Облыстарда 2 пайыздан 8 пайызға дейін өсуде. Күніне орташа есеппен 1500 адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда 200 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта ауырханаларда ковид пневмониясынан 8500 адам емделіп жатыр", - дейді вице-министр.

Сонымен қатар, вице-министр медициналық ұйымдарда арнайы аппараттардың жетіспей жатқанын, жағдайы ауыр науқастар санының көп екенін айтып берді. 

"Соңғы айда коронавируспен ауырған науқастардың жоғарғы өсімі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында көп тіркелді. Науқастардың медициналық көмек алуы кезінде қиындық туындауда. Азаматтар медициналық ұйымға көп жүгінеді. Коронавируспен ауырғандарды жатқызатын төсектер толып, бүгінгі таңда реанимациялық стационарлар жеткіліксіз болып отыр. Реанимацияларда пневмонияның ауыр түрімен ауыратын пациенттер ем алуда", - дейді Ажар Гиният.

Талқылау