Рүстем Жүгінісов алғаш рет әке атанды (видео)
“Жаңа толқын-2017” байқауының қатысушысы, әнші Рүстем Жүгінісов алғаш рет әке атанды. Рүстемнің айдай сұлу жары Айжан 30 наурыз күні қыз босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Рүстемқызы Айдай. Әжесінің туған күні 28 наурыз, нағашы әжесінікі 29 наурыз, ал Айдакөніміз ешкімді ренжітпей 30.03.18 дүниеге келді”, – деп қуанышымен бөлісті Жүгінісов инста-парақшасында.

Әнші күні кеше жұбайының құшағын гүлге толтырып, кішкентай қызын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды.
Тағы оқыңыз: Қазақы есімдер. Қызыңызға қандай есім бердіңіз?
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады