Құрылтай сайлауы: Партиялардың тікелей эфирдегі ұлттық теледебаттары басталды

Qazaqstan ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына түсетін партиялардың ұлттық теледебаты басталды. Бұл – сайлау кезінде өтуі тиіс міндетті дебат. Бүгін партиялар "Қазақстанның болашағы – адам капиталы" тақырыбында пікір таластырады.
Сонымен, бүгінгі ұлттық теледебатқа "Әділет" партиясынан Ренат Бектұров, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Тазабек Сәмбетбай, "Байтақ" партиясынан Нұргүл Қадырбаева, Қазақстан Халық партиясынан Ислам Сұңқар, "Ауыл" партиясынан Серік Егізбаев, "Ақ жол" партиясынан Олжас Нұралдинов және "Respublica" партиясынан Екатерина Смолякова қатысып жатыр.
"Бүгін біз Қазақстанның болашағын айқындайтын ең басты құндылық – адам капиталы туралы айтып отырмыз", – деді Бектұров сөзін бастай отырып.
Оның пайымынша, білімге салынған әрбір теңге – елдің болашағына салынған үлкен инвестиция.
Еске салайық, 23 шілдеден бастап тұңғыш Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Сайлауға 186 кандидат ұсынған "Әділет" партиясы алғашқылардың бірі болып өзінің сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа таныстырды.
Үгіт-насихат жұмыстары 21 тамызға дейін жалғасады. Осы кезеңде саяси партиялар еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесіп, пікірсайыстарға қатысады. Заңға сәйкес, 22 тамыз – үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатын "тыныштық күні". Ал 23 тамызда таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері жұмыс істейді. Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын тікелей дауыс беру арқылы таңдайды.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттігі тоқтатылды. Заң шығару қызметі Құрылтайға беріледі. Жаңа орган енді заңдарды қабылдау, республикалық бюджетті бекіту және Үкімет қызметіне бақылау жүргізу міндетін атқарады.
Дайындаған: "Әділет" партиясының баспасөз қызметі.
"Әділет" партиясы" ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты