QazVac вакцинасы Қазақстанда ресми түрде халал деп танылды
QazVac қазақстандық вакцинасының сапасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Халал даму" ЖШС сертификатын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына "Халал Даму" ЖШС сертификатын табыс етті.

Тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды. Сертификатқа "Халал Даму" ЖШС директоры А.А.Аташев қол қойған.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?