Qazsport арнасы тарнсляция кезіндегі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады
Фото: Іnstagram.com/qazsport_official
Qazsport арнасы эфир кезіндегі ақауларға интернет желісіндегі сыртқы қиындықтар себеп болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық күні кеше өткен “Қайрат” - “Реал Мадрид” матчының эфирдегі сапасын шағымданды.
“Құрметті көрермен! “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчының трансляциясы барысында техникалық ақаулар туындап, көрерменге ойынның онлайн көрсетілімін толық көрсете алмадық. Корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізді. Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда матч басталған сәтте туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіре алмадық. Қазір мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізіліп жатыр. Туындаған қолайсыздықтар үшін көрерменнен кешірім сұраймыз”, – деп жазды корпорация.
Ел еліміздің жасанды интеллект және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі транляция кезіндегі ақауды қолданушылардың көптігімен байланыстырды.
“Қайрат” – “Реал Мадрид” матчының онлайн трансляциясы кезінде “Қазақстан” ТРК платформасында пайдаланушылардың көп болуына байланысты ақау шықты. Уақытша qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, сондай-ақ BeeTV, TV+ және басқа да қосымшалар эфирді көрсетпей қалды”, – деп хабарлады ведомство.
Жанкүйерлер "Қайрат" – "Реал" матчына билет сатып алып, ойынға кіре алмағанын айтып шағымданды
Сондай-ақ министрлік эфирлік, спутниктік және кабельдік хабар тарату қалыпты режимде жұмыс істегені атап өтті.
“Онлайн платформадағы ақау “Қазтелерадио” мен байланыс операторларының ілеспе сервистерінде де жүктемені арттырды. ТРК онлайн платформасына қосылу саны есептік шекті 500 мың қолданушыдан асып кетті. Қазір “Қазақстан” ТРК кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін футбол командаларының тарихи ойынын рахаттана көре алмаған жанкүйерлер Qazsport пен Qazaqstan арналарындағы онлайн трансляциядағы ақауларға наразылыққа шағымданып, басшылықтың қызметтен кетуін талап етті.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
