Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ең көп табыс тапқан спортшылардың бірі атанды
Фото:ҰОК
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Милан Олимпиадасында чемпион атанып, ең көп табыс тапқан спортшылардың бірі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлерінде ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімін жариялады.
Осы тізімде америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин көш бастап тұр. Ол ISU жарыстарынан 125,9 мың доллар табыс тапқан. Сонымен қатар, жапониялық Каори Сакамото мен Юма Кагияма да 100 мың доллардан астам табысқа ие болды.
Қазақстандық Михаил Шайдоров ISU жарыстарынан салыстырмалы түрде аз – 30,7 мың доллар (шамамен 15,35 млн теңге) табыс тапты.
Алайда, оның негізгі табысы Олимпиададағы жеңісінің арқасында артты. 2026 жылғы Милан Олимпиадасында алтын медаль үшін ол 250 мың доллар (шамамен 125 млн теңге) мемлекеттік сыйақы алды. Осылайша, Шайдоровтың 2025/26 жылғы маусымдағы жалпы табысы 280,7 мың долларға жетті. Бұл шамамен 140,35 млн теңгеге тең.
Дегенмен, ISU жүйесінде барлық спортшылар арасында Михаил Шайдоров тапқан табысы бойынша көш бастап тұрған жоқ. Жалпы рейтингте Олимпиада сыйақыларының есебімен де конькишілер Франческа Лоллобриджида мен Андреа Джованни, сондай-ақ шорт-трекшілер Арианна Фонтана мен Кьяра Бетти Шайдоровдан жоғары тұр.