Прокурор журналист Владимир мен Наргиз Северныйларды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Мемлекеттік айыптаушы журналист әрі ерлі-зайыптылар Владимир мен Наргиз Северныйларды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Владимир мен Наргиз Северный 20 сәуірде Алматыда ұсталған. Полиция Алматыдағы жеке компанияның басшысы жағымсыз материалдарды жарияламағаны үшін ақша бопсалағанын айтқан.
Журналистердің ақшаны беру кезінде қолға түскені туралы айтылған.
- "Мен сені өлтірем, уәде берем": Алматы сотында өгей шешесінің 7 жасар қызын қалай азаптағаны жайлы айтылды
- Мемлекеттік бағдарламамен пәтер әперуге уәде берген: Шымкентте әкімдіктің жалған қызметкерлері 140 миллион теңгені жымқырған
Владимир Северный осы уақыт бойы қамауда болды, ал Наргиз Северный үйқамақта отырған.
Айта кетейік, Владимир Северный – әскери тілші. Тұтқынға алынардан бір күн бұрын оның әйелі әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрлігі журналистке әскердегі мәселелерді жазғаны үшін қарсы арандатушылықтар дайындап жатыр деген болжам қалдырған.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды