Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсер Алуа Қонарованың шәкірттері бұдан былай Муз-ТВ-ның сыйлығына қатыспайды (фото)

Жуырда Еуразиялық музыка сыйлығы байқауының иегерлері анықталды. Продюсер Алуа Қонарованың шәкірттері жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Мұны әділетсіздікке теңеген Қонарова өз наразылығын білдірді.

Screenshot_2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсердің айтуынша, байқау әділетсіз өткен, жеңімпаздар да лайықты түрде таңдалмаған. Тек Ninety one, The Jigits және «Кеш you» топтары лайықты түрде бағаланған екен.

«Шын жүректен Ninety one, The Jigits және «Кеш you» топтарын лайықты марапаттарымен құттықтаймын. Лайықты түрде жеңіске жеткен өнерпаздарды толық атамасам, кешірім сұраймын. Марапаттау рәсіміне қатыспағандықтан, толық тізім қолымда жоқ», – деп бастады сөзін Қонарова желідегі парақшасында.   

14374091_1681219948858268_7784011088739172352_n

«Кейбір өнерпаздар әділ түрде жеңіске жетті деп айта алмаймын. Мүмкін менің сынауға құқығым жоқ шығар, мен де сахна сыртындағы адаммын. Алайда байқау «Еуразиялық» деген атқа ие болғандықтан, мұнда өзара бөлісетін, таныс-таныстарын тартатын адамдарды шеттетту керек еді», – деп жалғады сөзін ол.

Одан кейін танымал продюсер ұйымдастырушылық жағынан кеткен ағаттықтарды тізімдеп берді. Айтуынша, тізімнің жоқтығынан күзетшілер өнерпаздарды сахнаға шығармай, ал ән айтып болған әншілерді киіну бөлмесіне кіргізбей қойған. Одан бөлек ерікті-оқушылардан құралған әкімшілік топ әртістерге дөрекі сөйлеп, субординацияны сақтамаған.

«Дыбыс операторына айтар шағымым бар. Қыздарым өнер көрсеткен кезде ол дауысты бірнеше есеге дейін төмендетті. Себебі… Оны нақты айта алмаймын. Алайда ол оны әдейі, қасақана істегендей әсер қалдырды», – дейді Қонарова.

Бұдан кейін танымал продюсер өзінің қарамағындағы әртістердің аталмыш байқауға қатыспайтынын мәлімдеді.

pogudx239fg0kpj4mg.6e48d76c

Желі қолданушыларының арасында Алуа Қонарованы қолдағандар да, қарсы шыққандар да бар.

«Биыл «Үздік қыздар тобы» аталымын Ayumi тобы алуы керек еді», «Өз басым таң қалмадым. ЕМА түгілі, олимпиаданы да сатып алып жатыр. Бастысы, халық кімнің үздік екенін біледі», «Жыл жаңалығына Ayumi, Renzo, Ninety one топтары лайықты», «Кеш you» тобына да қарсылығым жоқ, алайда Ayumi мықты», «Дауыс берудің, халықтан сұраудың не пайдасы бар? Бәрібір өз дегендерін істейді» – дейді желі оқырмандары.

Келесі топ: «Кеш you» әбден лайықты», «Халық тек ең үздік, ең мықты топтарды таңдады», – дейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Танымал продюсер Алуа Қонарова бокспен айналыса бастады (видео)

Ayumi тобы «тәртіпсіз жігітке» сабақ бермек (фото, видео)

Ayumi “91” тобының қыздарша нұсқасына айналды деп сыналды

Төреғали Төреәлі кезекті бейнебаянын студенттік шағын сағынған жандарға арнады (видео)

Талқылау