Президент: Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды жылдам интернетпен, сапалы байланыспен қамтамасыз етуді тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс”, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы тұрғындардың негізгі қажеттіліктеріне тоқталды.
“Мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек. Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек", - деді Президент.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"