Пойызда немесе вокзалда затыңызды ұмытсаңыз не істеу керек – ҚТЖ нұсқау берді
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыз бен вокзалда жеке заттарын ұмытып кетсе немесе жоғалтып алса, не істеу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көпшілік кейде сапарға шыққанда заттарын жолай ұмытып кетіп, кейін таба алмай қалады.
Осы тұста мамандар жолға шыққаннан кейін вагонда затыңызды ұмытып кеткеніңізді байқасаңыз, келесі нұсқауларды орындауды ескертеді:
- Жолаушы затын ұмытып кеткенін түсінсе, пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтілгенге дейін 10-нан 40 минутқа дейін жеткілікті уақыт болса, затын пойыз бригадасының қызметкерлерінен ала алады;
- Ал егер пойыз кетіп қалған болса, жолаушы @Jolaushylar_tasymaly Instagram-дағы ресми аккаунтына немесе WhatsApp-қа +7 776 714 5686 нөмір бойынша жазып, жылдам жауап ала алады;
- Жолаушы сондай-ақ вокзалдағы кезекшіге жүгіне алады. Ол вагон нөмірін, ұмытылған заттардың орны мен сипаттамасын көрсете отырып, вокзал бастығының атына өтініш бере алады. Өтінішке заттарды жіберу туралы өтінішті қосу керек;
- Егер жолсерік ұмытылған затты тапса, оны пойыз бастығына береді және жинақтау пунктіне жібереді. Заттар вокзалда сақталып, жеке куәлікті тексеру арқылы иесіне қайтарылады;
- Затын алған кезде жолаушы барлық (сақтау, буып-түю, тасымалдау) шығынды төлейді;
- Жолаушылар 1433 нөміріне тегін хабарласу арқылы анықтамалық ақпаратты ала алады.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады