Полицейлер кәсіпкердің 260 мың доллар тұратын Ferrari көлігін бұзып, қоқысқа тастады (видео)
Британдық кәсіпкер 260 мың долларға сатып алған Ferrari 458 Spider автокөлігі қалай мыжылып, қалай қоқысқа тасталғанын видеоға түсіріп алған. Ол видеоны желідегі парақшасында жариялады.

Өткен жылдың мамырында полицейлер 30 жастағы британдық кәсіпкер Захид Ханның көлігін тоқтатқан. Полицейлер кәсіпкерден құжаттарын көрсетуін сұраған, бірақ ол көрсетпейтінін айтып, бұйрығын орындамаған. Сол күннен бастап оның қымбат көлігі Бирмингем соты ғимаратының тұрағында тұрған. Ал кәсіпер полицейлік бөлімшеге қамалған.
Оқиға Англияның Уэст-Мидлендс графтығында болды.
1 айдан кейін Захид Хан сотқа құжаттарын алып, көлігін қайтаруға барса, Ferrari тұрақтан табылмаған.
Енді кәсіпкер Жоғары сотқа шағымданып, өтемақы талап етпек.
Тағы оқыңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады