Петропавлда жатақхана өртеніп кетті: Қаза тапқандар бар
Петропавл қаласының орталығындағы жатақхана қою түтінге оранған. Өрт газ шыққаннан кейін басталды. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай орнында екі адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

21 ақпанда түстен кейін қала орталығында Интернациональная 21 көшесінде орналасқан бес қабатты ғимараттың шатыры өртенді.
"Сағат 15.49-де 101 телефонына Петропавлдағы 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат түсті. Облыс орталығындағы барлық өрт сөндіру бөлімдері мен ТЖ жедел-құтқару жасағы өртті сөндіруге жұмылдырылған", - деп хабарланды.
- Өрт балалар бөлмесінен шыққан: Жаңатастағы оқыс оқиғаға қатысты деректер анықталды
- Боранда жүгірген полиция қызметкері Қостанайда 15 адамды өрттен құтқарған
Оқиға орнынан келген куәгерлердің айтуынша, жатақхана түтінге оранғанда, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатты дауысты естіпті.
Ғимаратта дүкен, ветеринарлық клиника және кафе орналасқан. Қазір қалалық өрттен қорғау қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр. Полиция ғимаратты қоршауға алды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған