AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жас жігіт ер адамдармен қыз болып сөйлесіп, ақшаларын жымқырған

Петропавлда 16 жастағы жасөспірім әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, ер адамдардан "қарызға" ақша алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петропавлдың бірнеше тұрғыны интернеттегі алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Айтуларынша, әлеуметтік желіде сүйкімді қызбен танысам деп арбауына түсіп қалған. Бұл жағдайда келтірілген шығын көлемі 13 мыңнан 316 мың теңге аралығында.

Қалалық криминалдық полиция парақшаның жалған екенін анықтады. Оны жасаушы кездейсоқ ат қойып, интернеттен алынған фотосуретті пайдаланған. Тәртіп сақшылары 16 жастағы күдікті жасөспірімнің ізіне түсіп үлгерді. Қазір ол ата-анасының кепілдігімен босатылды.

Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Бүгінде бұл іс бойынша төрт эпизод бар, полиция өзге де зардап шеккендерді нақтылау үстінде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр