Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғыны Мұхаммед пайғамбарды қорлағаны үшін 6 жылға сотталып кетті

сот
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Петропавлда діни алауыздықты қоздыру ісі бойынша үкім шықты. Сотта 50 жастағы Арман Ахметов жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айыптау нұсқасына сәйкес, ер адам әлеуметтік желіде діни араздықты қоздыруға бағытталған жазбаларды бірнеше рет жариялаған. Атап айтқанда, ол исламның “қазақтарға тиесілі емес” екенін айтып, Мұхаммед пайғамбардың атына тіл тигізетін мәлімдемелер жасаған.

Сотталушының мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғаушы тарап қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағаны. Десе де сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сонымен қатар сот отырысында прокуратура сотталушымен процестік келісім жасау туралы ұсыныстан бас тартты. Нәтижесінде сот Арман Ахметовті діни алауыздықты қоздыру бабымен кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Үш әйелі барын айтып видео түсірген алматылық блогер жазаға тартылған еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 31 Шілде, 2026 09:19