AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық дәрігерлер ауыр соққыға жығылған келіншекті ауруханаға жатқызудан бас тартты

Павлодарлық дәрігерлер қатты соққыға жығылған 47 жастағы әйелді ауруханаға жатқызудан екі рет бас тартты. Миы шайқалған, қабырғасы көгерген және көптеген жарақаттары бар жәбірленуші дәрігерлер амбулаторлық емдеуге жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлердің бұл әрекетіне қоғам белсенділері қарсылық білдіріп, мәселе көтерді.

"Әйел жүре алмайды, ештеңе көрме қалған, қатты құсып жатыр. Ұрып-соғу кезінде ер адам оны аямай тепкілеген. Соққыдан қуық пен тік ішегі босап қалған, қазір анустан қан кетіп жатыр, қабырғалары қатты көгерген. Жәбірленушіге дәрігерлер ауруханаға жатқызудан бас тартқаны туралы қағаз беріп, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ деп, үйден емделуге жіберген", - деп жазды қоғам белсенділері.

Анықтамада дәрігерлер ауруханаға келген әйелдің мас күйінде болғанын жазады. Жәбірленушінің өзі дәрігерлердің медициналық тексеруге жібермегенін және алкогольге қан алмағанын айтады. Соққыдан кейін бір күннен кейін әйел қайтадан жедел жәрдем шақырған.

"29 наурыз күні кешке мен қатты құса бастадым. Менің жағдайымды үйге келген полиция қызметкерлері куәлік жазып берді. Жедел жәрдем дәрігерлері мені ауруханаға алып кетті. Ауруханада УЗИ жасап, ешқандай ауруың жоқ деп қайтадан үйге жіберді", - дейді зардап шегуші.



Әйелге көмектесу үшін қоғам белсенділері әлеуметтік желілер арқылы ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің басшыларына шыққан.

Қазір жәбірленуші үйінде. Алайда келіншектің жағдайы ауыр. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызуға ешқандай белгілер жоқ деп сендіреді.

"Науқас тексеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бірқатар зерттеулер жүргізілді, тіркелген жері бойынша емханада бақылауға ұсынылды. Өміріне қауіп жоқ", - деп жауап берді бөлімше.

Полицейлер павлодарлық әйелді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр.

"Аталмыш факті Павлодар қалалық ІІБ-на тіркелді. Тексеру жүріп жатыр. Полиция оқиғаға қатысушыларды анықтады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр