Павлодарда төрт бала түтінге уланып қалды
Павлодарда пеш дұрыс жұмыс істемегендіктен, төрт бала уланып, ауруханаға түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің мәліметінше ауруханаға 15, 11, 5 және 2 жасар бала жеткізілген.
"Төрт бала облыстық балалар ауруханасының соматика бөліміне "улы газдың орта деңгейдегі уытты әсер" диагнозы мен жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр", – деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Балалардың анасы пеш дұрыс жанбағандықтан, үйді түтін жайлағанын айтқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды