Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әкесі 11 жастағы қызымен кездесуге келген педофилді ұстап алды

Павлодарда ер адам 11 жасар қызды кездесуге шақырмақ болған. Ол ойын іске асырмақ пиғылмен өзін 11 жастағы бала етіп көрсеткен. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

30 жастағы ер адам кішкентай қызға өзінің интимдік фотосуреттерін жіберіп, қыздан дәл солай жауап беруін сұрай бастаған. Жәбірленуші қыздың отбасы бұл оқиғаның көптің назарына іліккенін қалайды.



Қыздың анасы олардың хат алмасқанын көріп қояды. Арам пиғылды азаматты анықтау үшін әкесі онымен қызының атынан жазып, сөйлесе бастаған. Ер адам мектептің жанында кездесуге келісіп, ол жерде қыздың әкесі мен достары оны қолға түсірген. Олар азаматты полицияға тапсырды. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан пышақ табылған, ал  телефонынан өзін-өзі қанағаттандырумен айналысқан сексуалдық бейнеролик анықталған.

Күдікті 17 қарашада ұсталған. Полиция оның үстінен "Кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықсыз қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Талқылау