AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам көшеде тұрғындарға пышақ ала жүгірді

Павлодарда полицейлер көшеде тұрғындарға пышақ ала жүгірген жігітті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қыркүйек сағат 11:10-да Камзина, 158 мекенжайынан ер адам қолына пышақ ұстап жүргені туралы хабар түскен.

Ол жерге патрульдік полиция батальонының көлік патрулі жетті. Қолында пышағы бар жігіт көрші үй жаққа барып үлгерген. Ол полицейлердің ескертуіне мән бермей, керісінше, одан бетер біртүрлі қылық танытады. Балағаттап, пышағын қайта-қайта бұлғай бастаған.

"Тәртіп сақшылары резеңке таяқ пен кәсіби қорғаныс айла-тәсілін қолданды. Өйткені ер адамның әрекеті тұрғындарға қауіп төндірді", – деді полицияда.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің арқасында ер адам ұсталып, пышақ тәркіленді.

Азамат 2001 жылы туған Павлодар тұрғыны болып шықты. Ол облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ер адам облыстық диспансерге жеткізілді.

Полиция оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр