Павлодарда екі бала суға батқан достарын құтқармақшы болып талпынған
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару отряды қызметкерлері төрт баланы құтқарып қалды.

Павлодар облыстық ТЖД жедел-құтқару отрядының мәліметінше, қаладағы жағалаудан 25 шілде күні сағат 13.00 шамасында 2006, 2007 жылы туған төрт баланы құтқарушылар судан аман алып шыққан. Олардың екеуі тыйым салынған белгі орнатылған аумақта шомылып жүрген. Ал қалған екеуі оларды құтқармақшы болыпты. Нәтижесінде төртеуіне де жедел көмек қажет болған.
Құтқарушы отрядтың қызметкерлері Александр Носков, Артем Доценко және Саид Тоқтасовтардың жедел әрекеттерінің арқасында балалар үшін бәрі сәтті аяқталған. Тек олардың аздап қорқып қалғаны байқалады.
Қуанышқа орай, зардап шеккендер медициналық көмекті қажет етпеген. Тек олармен жүргізілген аздаған кеңес-әңгімеден соң үйлеріне жіберілген.
"Анам бүгін келе ме?": Жақынынан айырылған балаға қаралы хабарды қалай жеткізу керек
Әлеуметтік желіде желі қолданушысы бес жастағы қызға анасының қайтыс болғанын қалай жеткізерін білмей жүргенін жазған
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады