AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 11 жасар бала құтырған иттен қарындасын құтқарып қалды

Павлодарда мектеп оқушыларына көршісінің иті шабуыл жасап, олардың біреуін тістеп алды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Павлодардағы Лесозавод көшесінде болған. 11 жасар ер бала мен 7 жастағы қарындасы мектепке бара жатқанда кенеттен көршісінің иті шабуыл жасаған.

Бала бірден қарындасын қорғап, оны өз денесімен жабады. Құтырған ит ұл баланы тіптеп алған. Оқушылар бірден үйге жүгіріп, болған жағдайды ата-анасына хабарлайды. Олар полиция мен жедел жәрдем шақырды.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары иттің иесін анықтады. Ол үй жануарын байлап қоюға міндеттелді.



Бұдан басқа, иттің иесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы 2-бөлігі (жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан иттерді ұстау және серуендету қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушыға 10 АЕК (29 170 теңге немесе 68 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынды.

Шабуыл фактісі туралы Павлодар қаласының ветеринарлық қызметі де хабардар етілді. Бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлады полиция департаменті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр