Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында Ресей елінің азаматтығын алғанын жасырған әйел елден шығарылатын болды

Шарбақты ауданының 57 жастағы тұрғыны екінші азаматтық алғанын жасырып келген. Соттың шешімен ол елден шығарылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

паспорт Каз Рус

Басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде Қазақстан азаматтығы автоматты түрде жойылады.

Шарбақты ауданының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламаған азаматты анықтады.



"Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламаған. Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік материал толтырылып, материал сотта қаралды. Сот әйелді елден шығару туралы шешім шығарды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Полиция биыл осыған ұқсас заң бұзушылықтар үшін 158 азаматтың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Талқылау