Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында күйеуі өртеп жіберген келіншек көз жұмды

Павлодар облысында күйеуі үстіне спирт құйып, өртеп жіберген әйел алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Эльмира Темірғалиева мәлім етті. Оның сөзінше, әйел кеше түстен кейін жан тапсырған. 

Айта кетсек, 8 тамызда Розовка ауылында күйеуі жанжал барысында жарының үстіне спирт төгіп, артынша өртеп жіберген. Ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжің ер азаматтың мас күйінде көлік айдамақ болғандықтан туындаған. Кейіннен анықталғандай, есін жиғаннан кейін әйелінің үстіндегі алауды өшіруге тырысып, жедел жәрдем шақыртқан. 

Дәрігерлер әйелдің денесінің 50%-ы күйгенін жеткізді. Оның жағдайы ауруханаға түскен кезде өте ауыр болған көрінеді. 

Қазіргі таңда ер азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Екеуінің тәрбиелеп отырған үш балалары бар. Марқұм тірі кезінде күйеуіне қарсы арыз жазудан бас тартқан. 

Талқылау