Павлодар облысында әйелдің үстіне қатты желден ағаш құлап мерт болды
Павлодар облысында қатты жел соғып салдарынан әйелдің үстіне ағаш құлады. Көп жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Естай көшесіндегі үйдің ауласында 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды. Оқиға орнына жеткенше 6 минут уақыт кетті. Өлімге әкелген жарақаттар алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның екі аяғы, кеудесі, жамбас сүйектері мен омыртқасы сынған. Сондай-ақ ішкі ағзаларына зақым келіп, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған”, – делінген хабарламада.
Жедел жәрдемге 7 қараша күні сағат 9.37-де қоңырау түскен.
Синоптиктердің хабарлауынша, 7 қарашада Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жел екпіні 23-28, кей жерлерде 30 және одан да көп болады.
Айта кетейік, Павлодарда бірінші және екінші ауысымдағы мектепке дейінгі білім беру орындары, 1-11-сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің 1-2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді.