Павлодар облысында заңсыз берілген 5 миллиард теңгенің жайылымдық жерлері халыққа қайтарылды
Павлодар облысы Аққулы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 5 миллиард теңгенің жайылымдық жерлері халыққа қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.
Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.
“Елді мекендердің 24 мың гектар жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген. Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 миллиард теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды”, – делінген хабарламада.
10 жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кіріскен. Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді