Соңғы жаңалықтар

"Пәтерімді сатып, қызымды ұзаттым": Құрманай Бақтиярқызы неге қарыз сұрағанда жек көретінін айтты

Шындықты шағып айтатын ақын Құрманай Бақтиярқызы қарыз бергенді де, қарызға ақша сұрағанды да ұнатпайды екен. Есесіне, ақшадан қиналған кезде еш ойланбастан банкке баратынын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Құрманай Бақтиярқызы

- Құрманай ханым, өзіңіз – анасыз. Бала тәрбиесіне қаншалықты көп уақыт бөлесіз?

- Мен бала тәрбиесінде өзімді ақынмын немесе керемет айтамын деп ағылып-төгіліп сөйлей бермеймін. Балаларыма тек ісіммен көрсетемін. Менің ұстанымым: адам өзгеге тәрбие бермес бұрын, өзін жөндеуі керек. Сондықтан, мен балаларымның көзінше жаман сөйлемеуге, қатты ашуланып, өзімнен шығып кетпеуге, өзімді ұстауды мақсат етемін. Балаларыма ата-аналарымды қалай сыйлайтынымды, олар не айтса да орындайтынымды іспен көрсетемін. Сосын ұл-қыздарыма: «мен сендерден өзім істеген нәрсені ғана талап етемін. Көзбен көргендеріңді істеңдер, сөзге ермеңдер. Өтірік айтпаңдар» деп үйретемін. Менің балаларымның тәрбиесі өте жақсы. Оны өз ортам да, туыстарым да растайды. 

- Мектептегі балалар жиналысына барасыз ба? Ата-аналармен қаншалықты таныссыз?

- Әрине, барамын. Бір мектепте бір қызым мен ұлым оқиды. Екеуіне де үлгеремін. Бірақ, ата-аналарымен қоян-қолтық жұмыс істеуге уақытым бола бермейді. Бастысы, ұстаздарымен тікелей байланыстамын. Олардың тарапынан балаларымның оқу үлгерімі мен тәртібіне байланысты тек мақтау естудемін. 

- Саясатпен сен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады дейді. Өзіңіз қаншалықты саясатқа қызығушылық танытасыз? Болашақта саясаткер ретінде көруіміз мүмкін бе?

- Саясатты шешіп жатқан адам жетеді. Мен саясатқа араласқым келмейді. Мен тек жаңалықтардан естіп, саясатта отырған кісілерге жақсы тілегімді айтып қоямын. Елбасын қатты сыйлаймын. Саясаттағы адамдарға оңай еместігін білгендіктен, көп нәрсеге басымды ауыртқым келмейді. 

- Ал қоғамдағы қандай мәселелерге уайыммен қарайсыз?

- Мен ештеңені де уайымдамаймын. Болашақта не көрсем де, елмен бірге көремін. Кейде ақшаны мынаған тартсаң, анаған жетпей жатса да уайымдамаймын. Алла өзіне ғана мұқтаж етсін деймін. Басты уайым: бүгін ұйықтасам, ертең оянамын ба деген сұрақ. Ешкімге қарыз бермеймін. Ешкімнен қарыз алмаймын. Біреуден қарыз алғанша, банктен несие алғанды жөн көремін. 

- Ал несие алып көрдіңіз бе?

- Әрине. Алғашқы пәтерімді несиеге алған едім. Мен сол кредитке алған пәтерімді сатып, Астанада концерт берген едім. Ол кезде үй 10 млн теңге тұратын. 2016 жылы Астана қаласында өткен «Жан серігім – қаламым» атты жеке кешіме 8 млн теңгесін жұмсадым. Себебі, менің ешқандай демеушім болмады. Менің дискім, кітабым, барлық келетін қонақтарым, киімдерім, тіпті, бишілерді Шымкенттен апаруым, залдың арендасы бәріне сол 8 млн теңге жұмсадым.

Қалған ақшасына жер алып, кейін ақшамды жинап жүріп пәтер алдым. Бірақ, сол пәтерді де сатып, қызымды ұзатқан едім. Жарты ақшасына қызымның ұзату тойын жасасам, жарты ақшасына алдында сатып алған жерге үй салдым. Мен шынымды айтсам, Алладан басқа сенетін ешкімім жоқ. Басқа бауырларым, ата-аналарым маған қарайды. Мен ешкімге қол жайған емеспін. Біреуден бірдеңе сұрағанша, қолымда барын сатып, тәуекел еткенді жақсы көремін. Қазір Астанада бір бөлмелі үйім бар.

Балаларыммен тұрып жатырмын. Шымкенттен өте үлкен етіп үй соқтым. Соның жөндеу жұмыстарын жасаудамын. Болашақта қара шаңырақ етіп қоямын. Негізі Шымкентте күйеуім, енем бәріміз бірге тұрамыз. Бірақ, қазір мен жұмыс бабымен Астанадамын, Шымкентке сағындырмай барып тұрамын. 

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...