Ауғанстанда паранжа бағасы он есе қымбаттап кеткен
Ауғанстанда паранжа бағасы он есе қымбаттап кеткен. Ауған әйелдері киім алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауған әйелдерінің сөздерінше, Талибандар билікке келгеннен кейін киімнің бұл түрінің бағасы он есе шарықтаған. Өйткені мемлекетте паранжаға сұраныс артқан. Сатушылар тәліптер әйелдерді мәжбүрлеп паранжа кигізеді деп ойлап, киім бағасын аспандатып жіберген.
Бір әйел паранжа алу үшін бірнеше сағат кезекте тұрғанын айтады.
“Қазір паранша тапшы. Ал біздің үйде үш әйел бар”, – дейді ол.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тәліптер Кабулды тез жаулап алады деп ешкім ойламаған.
Бұған дейін Талибан қозғалысының ресми өкілі Сохейл Шахин елдегі барлық әйелдер шариат ережелеріне сәйкес хиджаб киюі керек деп мәлімдеген. Алайда ол паранжа туралы ешнәрсе айтпапты.
"Күн көзіне шыға алмаймын": Қазақстандық альбинос жігіт өмірі туралы айтып берді
Сөзінше, ол көбіне тек кешке қарай далаға шығып серуендейді
Баланың ас мәзірі қандай болу керек? Маман ата-аналар жиі жіберетін қателіктерді атады
Өсіп келе жатқан ағза ақуызды, пайдалы майларды, көмірсуды, дәрумендер мен минералдарды тұрақты түрде алып отыруы керек