Парагвайда түрмеде отырған есірткі тасымалдаушы бөлмесін люкс етіп жасап алған (фото)
Парагвайда полицейлер түрмедегі есірткі саудасымен айналысқан бразилиялық Шименес Паваннның жеке бөлмесін тексерді. Полицейлер оның жарылғыш затпен қабырғаны жарып, қашпақ болғанын анықтаған.

Түрме басшылығы оның абақтыдағы бөлмесін қалайша өзіне ыңғайлы етіп жасап алғанын тексеріп жатыр.

Айыпталушылардың айтуынша, апта сайынғы 600 доллар жалдама ақысын қоспағанда, Паван 5 мың доллардай төлем алып отырған.

Оның бөлмесінде ванна, желдеткіш сында дүниелер болған. Сонымен қатар есірткімен айналысқан атақты Пабло Эскобардың өмірі жайлы DVD топтамалары табылған.

Айтпақшы, Колумбия билігі Эскобармен келісім жасап, оның түрмеде қалай жайғасам десе еркі өзінде болған екен.



Жіберіп алмаңыз:
Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаеваның түрмедегі өмірі
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген