Коронавирустан 34 полицей көз жұмды – Тұрғымбаев
Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде ішкі істер органдарының 34 қызметкері көз жұмды. Бұл туралы министр Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, пандемиядан 34 қызметкер қайтыс болды. 19 612 қызметкер аурудан жазылып шықты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің 98 пайызы вакцина салдырды", - деді Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Министр әлемдік пандемия полиция жұмысына өзгеріс енгізгенін атап өтті.
"Полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге күндіз-түні уақытпен санаспай жұмыс істеді. Күніне 12 мың қызметкер жұмысқа шықты. Карантин жариялағанда 50 мың қызметкерге дейін жұмылдырылды", деді ол.
Сондай-ақ, айтуынша, полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, 445 блок бекетті күзетті, ауру тараған 700 аумақты қоршауға алды. Мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының жұмысын бақылады.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады