Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда аяғына гипс салынған 10 жастағы бала бір жасар бауырын өртеніп жатқан үйден алып шыққан

Өрт жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Ал көрші үйде ағасы мен бауыры – екеуі ғана қалған. Ағасы аяғының сынғанына қарамастан бірден әрекет еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ">КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Көкшетаулық оқушы мән-жайдың қалай болғанын айтып берді.

"Түтін бері қарай кірмеу үшін бірден есікті аштым. Інім қорқып қалмау үшін теледидарды қосып, анама хабарластым. Анам біздің терезеден шығуымыз керек екенін айтты. Секірген кезде аяғым қатты ауырды. Балдақтарды лақтырып, өз аяғыммен жүрдім", – деді оқушы Артур.

Артур бұдан кейін өрт сөндірушілерді күтіп алып, төтенше жағдай болған жерге апаратын қысқа жолды көрсеткен. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, өрт сөндірілді. Артурдың ата-анасы баласымен мақтанатынын айтты.

"Мұндай төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керек екенін айтып жүретінмін. Белгілі болғандай, бәрі бекер емес екен. Баламыз нақты әрекет жасап, өзін және інісін аман алып қалды", – деді Артурдың әкесі.

Төтенше жағдай министрлігі оқушы Артурдың бұл табандылығына тәнті болып, "Өртте көрсеткен ерлігі үшін" төсбелгісін табыстамақ.



Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде көпбалалы отбасы өрт салдарынан екінші рет көшеде қалды. Осыдан екі жыл бұрын бес баласы бар ерлі-зайыптының үйі өртеніп, шығынға ұшырағанын жаздық. Бұл жолы ғимаратты біреу әдейі өртеп жіберген деген болжам бар. Полицейлер де бұл нұсқаны жоққа шығармады. Үйі өртке оранған көпбалалы әйел кең әрі жаңа үйінен бес кішкентай баласымен бірге ескі лашыққа көшті. 

Талқылау