Өзін-өзі өртеген британиялық әлемдік рекорд орнатты (видео)
Лондондағы Кройдон ауданында Энтони Бриттон есімді ер адам өз-өзін өртеп, 180 метрді жүгіріп шыққан.

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Ол осы әрекеті арқылы әлемдік рекордқа қол жеткізді. Энтони үстіне үш комбинезон, басына шлем киген. Ал терісіне күйіктен сақтайтын арнайы гель жаққан. Британиялық жалынға оранған күйі 50 секундтай жүгіріпті.
Өрт бригадасы аз уақыттың ішінде рекорд жасаған жігіттің үстіндегі отты сөндіріп үлгерген. Ал рекордшы болса елеусіз жарақаттар алған.
Бұған дейінгі рекорд америкалық каскадер Тэд Бэтчелорға тиесілі болған еді. Ол өзін өртеп 160 метрді жүгіріп өткен болатын.
Оқи отырыңыз:
Кесіркенің баласы өмірі үшін күресіп ондаған жыланнан әрең қашып құтылды (видео)
Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)
Ерке Есмахан жігіттің кесірінен ұйықтаудан қалғанын мойындады
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген