Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзін-өзі атты дегенге қол қойған – туысқандары": Мақпал Жүнісова жары Заманбек Нұрқаділовті еске алды

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова жары, қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің дүниеден озған күнінде еске алып, құран бағыштады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Осыдан 18 жыл бұрын саясаткердің денесі өз үйінде табылған болатын.

“Бүгін Зәкеңнің өмірден озған күні. Топырағы торқа болсын! 11 қараша күні түнгі 11.30-да “Әсет Бейсеуовтің “Өмірдің көбі кетіп, азы қалды” әнін рояльда сүйемелдеп айтшы” деп өтінген еді. Соңғы рет тыңдап отырғаныңды сезбедім”, – деп жазды. 

Құран бағыштауға келген қонақтарды Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің жұмыс бөлмесі мен демалатын бөлмесін көрсетті.

“Қанды оқиға дәл осы бөлмеде болған. Сол күннен бері ешбір затына қол тигізген жоқпыз. Креслодағы оқтың іздері де сол күйі тұр. Өзінің ойнаған бильярд үстелі мен спорт велосипеді де орнынан қозғалған жоқ. Ол кісі үстел теннисі мен үлкен теннисті керемет ойнайтын. Қызығып ойнайтыны соншалық, малмандай тер болып, саунаға кіріп кететін. Мына бөлменің жалғасы – бассейн мен сауна. 2001 жылы осы үшқабатты үйге кірдік. 2002 жылы Мерейді бауырымызға басып алдық. Сол кезде осы үйді Мерейдің атына жаздырған болатын. “Осы шаңырақтан қызды ұзатамын” дегенді көп айтатын. Ол күнге жетпеді”, – деп еске алады әнші. 

Желі қолданушылары құранға қабыл болсын айтып, сүйікті әншісін жер көкке сыйғызбай мақтады. Бір оқырманға Заманбек Нұрқаділовтің үйі ұнап қалып: “Аралап көзбен көрсек бола ма?” деп рұқсат сұрап жатыр. “Әттең, сол уақытта үндемей төңкеріс жасап жібергенде, бәрі басқаша болар еді. Халық қолдайтын еді” деген оқырман пікіріне:”Халық түгілі туысқандары сатып кетті. “”Өзін-өзі атты дегенге сеніп, қол қойған – туысқандары. Мен ол шешімге келіспеген едім”, – деп жауап берді Халық әртісі. 

Айта кетейік, саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділова әкесінің жерлеуіне қатысып, Мақпал Жүнісоваға рұқсат бермегенін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау