"Өзін-өзі атты дегенді алып тастау керек": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өлімін еске алды
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, жан сырын ақтарды.
Атын атап, түсін түстеп, өзін-өзі атты деген пунктті алып тастау керек. Сосын барып, ескерткіш немесе мұражай ашады ма, сол дұрыс болатын еді. Сол өзін-өзі атты деген нәрсе әлі тұр ғой. Соған қарамастан барып ескерткіш ашамыз дейді. Сондай тіріліп келеді ме ол кісі? Адамның артында сол қинап өлтірді, атып өлтірді, ұрып өлтірді деген нәрсе бар. Қатты ұрған дейді. Жуындырған адамдар айтты. Белінде үш жерде сынығы бар екен. Сонда кәдімгідей тепкен болып тұр ғой. Соның барлығы ашылмағанына жүрек ауырады", – деді Жүнісова.
Сондай-ақ халық әртісі үйін сатуына қатысты да пікір білдірді.
“Үйді сатамын деп шығарған кезімді есіме салмай-ақ қой. Өтті де кетті. Әңгіме айтылған жерінде қалсын. Сатпайтын болдым. Бірақ жақында Зәкеңе мұражай ашылады деп естідім. Сол жаққа бүкіл дүниесін өткізіп бермекпін. Осы күнге дейін кітаптары мен заттарын беріп жібердім. Қалғанын кейін беремін. Басқа амалым жоқ. Ескі үй болғасын жылуы аздау болып тұр. Биыл күрделі жөндеуден өткіздім. Құбырлары жарылып, азып-тозып кетті. Кезінде Зәкең Мерейді осы үйден ұзатамын деп салған болатын. Оны туысқандардың бәрі білді. Ол күнге жете алмады”, – деді халық әртісі.
Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіштің ашылуына қатыспады.