Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіме қатты ұнап жүрмін": Зарина Омарова өзіне сын айтқандарға жауап берді

Зарина Омарова көптің сынына жауап берді. Әнші көзіне пластикалық ота жасатам деп тыңдармандарының талқысына түсті. Сын айтқандарға көңілді жауап берді. 

Зарина Омарова көзіне пластикалық ота жасатты. Оны әншінің өзі мойындады. Көпшілік оған сын айтып үлгерді. Енді бірі жақсы баға берді. Блефаропластика әншінің толығымен көңілінен шыққан көрінеді.

“Қандай пікір жазсаңыздар да, барлығын қабылдаймын. Өзіме қатты ұнап жүрмін. Жақсы көремін сіздерді, сіздермен ғана өсіп көркейеміз”, – деп жазды Омарова. 

Желідегілер түрлі пікір жазып қалдырды. 

“Бастысы өзіңізге ұнасаңыз болды. Біз де сізді қандай болсаңыз да қабылдаймыз”, “Көзіңе не істедің? Қартайтып көрсетіп тұр”, Аллахтың жаратқан дене мүшесін өзгертуге қандай хақымыз бар, айтыңызшы? Дене мүшелері бізге берілген аманат. Аманатқа қиянат жасауға болмайды.  Өмір мәңгілік емес. Қатты айтсам, кешірерсіз. Ескерту муминдерге пайда береді деген”, “Сізге ештеңені өзгерту қажет емес еді, сіз онсыз да табиғи сұлусыз ғой”, “Сізді көрген сайын Тамара Асарды көргендей боламын. Көздеріңіз аумайды”, – деп жазды олар. 

Зарина Омарова көзіне блефаропластика жасатып, жұртты таңғалдырды. Әншінің түр-келбетіндегі өзгерісті байқаған фанаттары оны танымай қалғандарын айтты.


Талқылау