"Өзге елде тұруға ықтиярхат рәсімдемек болған": Бас прокуратура Күдебаевтың ұлы таратқан ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың Қазақстанға өз еркімен оралғаны туралы ақпарат пайда болды. Бас прокуратура бұл ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күдебаевтың ұлы бейнежазба түсіріп, әкесі елге өзі оралғанын айтқан еді.
Қадағалау органында құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, Серік Күдебаевты ұстап, елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарғанын атап өтті.
Интерпол күштері қосылып, Түркияның Әділет министрлігіне Алматы облысы ПД экс-басшысын экстрадициялау бойынша материалдар жіберілген.
"С.М.Күдебаев өз еркімен Отанына қайтқысы келмеді, өйткені ол шетелде тұруға ықтиярхатты рәсімдеу үшін құжаттар тапсырды", – деп жауап берді Бас прокуратура Zakon.kz сауалына.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"