Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ойынхана қаланың артықшылығы": Облыс әкімі Қонаевтағы казинолар қала шетіне көшірілмейтінін айтты

Мобильді интернет арқылы таралатын онлайн ойынханамен және лудоманиямен барынша күрескен жөн. Бірақ Қонаев қаласындағы ойын бизнесі салыққа ауқымды табыс әкеліп отыр. Сондықтан ойынхананы басқа жаққа көшіру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңір басшысы облыста 5 ойынхана мен ойын бизнесінің өзге де субъектілері жұмыс істеп тұрғанын айтты. 

"Егер ойын бизнесі төңірегінде айтар болсақ, ол жақта жұмыспен қамтылғандардың саны 7,5 мың адамға жуықтайды. 64 мың адам тұратын қала үшін бұл өте үлкен үлес саналады. Өткен жылы ойын бизнесі субъектілері 90 млрд теңгеге жуық салық төледі", – деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Марат Сұлтанғазиев еліміздегі лудомания проблемасына да тоқталды. Ол ойынхана ережесі қатаң екендігін айтты. Айтуынша, ойынханаға кіру үшін қомақты қаражат қажет. Ал белгілі бір тұлғаға оның жақын туыстары тарапынан немесе құқық қорғау органдарынан өтінім түссе олар ойынханаға кіргілізмейді. Әкім бұл шектеу қатаң сақталғанын айтты. 

"Мұндай да шектеу бар. Мобильді интернет арқылы таралатын онлайн ойынханамен және лудоманиямен барынша күрескен жөн болар", – деді облыс басшысы.

 Сондай-ақ әкім ойынхананы Алматы облысынан басқа жаққа көшіру мәселесі қарастырылымағанын айтты. Сұлтанғазиевтің пікірінше, ойын бизнесі – Қонаев қаласына  туристер көп тарту бойынша негізгі артықшылықтардың бірі. 

 

Талқылау