Отарда әскери қызметкер өз-өзіне қол салды
Отар әскери гарнизонында әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Оқиға 82796 әскери бөлімінде болған.

ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қызметкер Саян Сатыбаевтың суицидке барғанын мәлімдеді.
“2016 жылы 5 маусымда қатардағы әскери қызметкер Сатыбаев асылып қайтыс болған. Ол өлер алдында ешқандай хат жазып қалдырмаған. 1994 жылы туған Саян, 2014 жылы әскери-техникалық мектепті бітірген. Ол әскер қатарына Ақмола облысы, Ақкөл ауданын шақыртылған. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр”, – деді ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Қолбашева.
Ал әскеридің туыстары, Саянның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді. Олар әкесі мен ағасының Саянның денесінен зорлық белгілерін байқағанын хабарлаған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады