Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

От шашу орнына оқ атқан: Алматы облысында жұртты шулатқан кортеждің видеосы желіде таралды

Алматы облысында той кортежіне қатысқандар отшашу орнына аспанға оқ атып, жұрттың үрейін ұшырған. Қазіргі таңда оқиға қатысы барлар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқ атқан

Үйлену тойындағы кортеждің видеосы Whatsapp мессенджерінде таралуда. Кадрларда нөмірлері жоқ автокөліктер тобы кортежде қала көшелерінің бірімен жүріп келе жатқанын көруге болады. Қатысушылардың бірі Mercedes көлігінің терезесіне сүйеніп, қарудан бірнеше рет оқ атқан.

Белгілі болғандай, видео 23 қазанда Қаскелең қаласында түсірілген. Полицейлер салтанатты шараны ұйымдастырушылар мен оқ атқан адамның жеке басын анықтап, оларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Тексеру шаралары кезінде той кортежі Қаскелеңде Абылай хан көшесі бойымен келе жатқанда 25 жастағы жергілікті тұрғын аспанға оқ атқан. Қазіргі уақытта оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлімі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде. Мерседес көлігі айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, кортежде қалған қатысушыларды анықтау, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

Талқылау