Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде бизнесмен өз пәтерін тонап банктен ақша алмақшы болған

Өскеменде тұратын кәсіпкер әйел танысына өтініш айтып, өз үйінің астан-кестеңін шығарып тастауын өтінген. Осылайша ол өзін әлдекімдер тонап кетті деп шағымданып, банктен зардап шегуші ретінде несие алуды көздепті.

8989

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Құрылыспен айналысатын бизнесмен әйел банктен несиеге 5 миллион теңге алады. Осы ақшадан ол жұмысшыларға жалақы беріп және құрылыс материалдарын сатып алған. Фирманың дамуы үшін ақша жетпей қалып, осыдан соң әйел қосымша ақшаны басқаша жолмен алуға бекінеді. Ол өз пәтерін тонау жоспарын құрып, зардап шегушінің кейпіне енбекші болыпты.

Ол өзінің танысына өтініш айтып, пәтерінің астын-үстіне шығарып тастауын сұрайды. Сосын бизнесмен полицияға хабарласып, 2 миллион 700 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып шағымданады. Алайда тексеру кезінде ұрлық әрекеті бар болғаны алдын ала ойластырылған дүние екені анықталған.

Нәтижесінде сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қостанай тұрғыны қызын ренжіткен балабақшадан 100 мың теңге өндіріп алды

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

 

Талқылау