Қазақстан тұрғыны сауда үйінде намазхана ұйымдастырғаны үшін айыппұл арқалады
Өскемен қаласында тұрғынға сауда үйінде намазхана ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ШҚО полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сауда үйінің бірінде құзырлы органдардың рұқсатынсыз намазхана ашқан 28 жастағы тұрғынды анықтаған.
"Намазхана мекеме иелері мен қонақтарына арналған. Ер адамның сөзінше, бұл заң бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы білмеген", – делінген полиция хабарламасында.
Нәтижесінде ер адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 130 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты