Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орманда бірнеше күн адасып қалған әйел итінің арқасында аман қалды

АҚШ-тың Мэн штатында ер адам орманда адасып бірнеше күннен соң мерт болды, ал оның әйелі тірі қалған. Сөйтсе оны иті аман алып қалыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

82 жастағы Джон Хельмстедтер мен 72 жастағы Памела Хельмстедтер иттерімен бірге Мэн штатындағы Александр қаласында үйдің артындағы орман алқабында серуендеуге шықты. Алайда олар соқпақтардың бірінен шығып жатқан кезде Джон құлап, орнынан тұра алмады. Бірде-біреуінің ұялы телефондары болмағандықтан, көмек шақыра алмаған.

Памела Хельмстедтер көмекке адам шақырмақ боп шыққанымен, адасып кеткен. Ол орманда төрт түн өткізген. Оны қызметкерлер үйінен бір мильден астам жерде тапты. Әйелдің денесі қызып, тірі жатқан. Ал күйеуінің мәйіті 200 ярд жерде табылған.

"Памелада қатты гипотермия болды, қасында иті ояу жатты. Оны тапқан кезде дене температурасы 90,7 болды, ол тіпті не болғанын айта алмады. Дереу ауруханаға жеткізілді”, – деді Мэн штатының орманшысы.

Ерлі-зайыпты орманда жоғалған күндері температура Фаренгейт бойынша -26 градусқа дейін төмендеді.

Мэн штатының балық және жабайы табиғат департаментінің коммуникациялар жөніндегі директоры Марк Латти ерлі-зайыптының иті оның өмірін сақтап қалуға көмектескен болуы мүмкін дейді, өйткені күзетшілер иттің оны өте қорғап, кеудесінде жиі жатқанын байқаған.

"Ит түнде жылыну үшін дәл осылай істеп жатқан сияқты", – деді Мэн күзетінің сержанты Джош Бил.

Талқылау